Білім бөлімі
Ақпарат
28 октябрь 2019
2 823
1

«Әдістемелік кабинеті» ұйымдастыруымен  9-11 сынып мектеп оқушылары арасында «Жуалы ауданы турнирі» өтті.

Тартысты турнир

Футболдан ағымдағы жылдың 18-25 қазан күндері аралығында аудандық Білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеті» ұйымдастыруымен  9-11 сынып мектеп оқушылары арасында «Жуалы ауданы турнирі» өтті. 2-кезеңде (аймақтық, финалдық)  өткен турнирге аудандағы 30 орта мектеп оқушылары қатысты. Аймақтық кезеңнен, финалдық кезеңге жолдама алған командалар 25-қазан күні аудандық «Орталық алаңда» кездесті. Кездесу барысында мектеп оқушыларының, тату бір-біріне дос, бауыр екендігі сезілді. Тартысты өткен жарыста оқушылар бар мүмкіндігінше жеңімпаз атануға тырысып бақты-дегенмен, Нұрлыкент ауылы №5 М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушыларының басымдылығы байқалып тұрды. Үздік төрттіктен №19 Д.Қонаев ат. мектеп-гимназиясы, №13 А.Байтұрсынов ат.орта мектеп, №27 Диқан орта мектебі және №5 М.Ломоносов ат.орта мектеп оқушылары көрінді. Турнирдің қола жүлдесіне Д.Қонаев мг. оқушылары мен А.Байтұрсынов орта мектеп оқушылары таласты. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмай, командалар пенальти тебісті. Қақпа көздеуден мүлт кетпеген Д.Қонаев ат.мг оқушылары турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнирдің қызығы финалда М.Ломоносов ат.ом оқушылары мен Диқан орта мектебінің оқушылары кездесті. Тартысқа толы ойында матч тағдырын Сабыров Нұрлыбек соққан жалғыз доп шешіп, М.Ломоносов ат.ом 9-11 сынып мектеп оқушылары Жуалы ауданы турнирінің жеңімпазы атанды. Жеңімпаз командалар кубок медальдармен марапатталып, оқушылар мен команда жетекшілері ойнап-күліп жақсы күйде үйлеріне тарқасты. Турнир барысында қақтығыс-соқтығыс жағдай болмағандығы сонымен қатар, команда жетекшілері тарапынан, оқушылар мен көрермендер тарапынан ешқандай арыз-шағым болмағандығы, жарыстың жақсы, әділ өткендігінің дәлелі-деп, санаймыз.


 

 

         

 

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Әдістемелік кабинеті»


Пікірлер
Пікірлеу