Білім бөлімі
Ақпарат
26 май 2021
1 267
0

“Жомарт түлек - Жуалы” тақырыбында аудан түлектерімен форум өтті.






Аудан мектептерін бітірген түлектердің туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен махаббатын тереңдету  және құрмет көрсетуді насихаттау мақсатында 2021 жылдың 26 мамыр күні   №15 мектеп-лицей базасында Жуалы ауданы әкімдігі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Жомарт түлек - Жуалы” тақырыбында аудан түлектерімен форум өтті. Дәстүрлі және онлайн режимде өткен жиынның негізгі өзегі өңіріміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін кеңінен паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу. 

Форум барысында  «Халық қаһарманы», генерал – лейтенант Жуалы жерінің құрметті азаматы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің түлегі Ертаев Бахытжан Ертайұлы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының АкадемигіҚазақстанның тұңғыш Еңбек Ері атанған, «Алтын жұлдыз» және «Отан орден» иегері, №3 Қ. Қошмамбетов орта мектебінің түлегі Миразова Аягүл Төреқызы, Қазақстан Республикасының Түркия еліндегі елшісі, дипломат  Жуалының төл перзенті №19 Д.Қонаев атындағы мектеп – гимназиясының түлегі Сапарбекұлы Абзал, туған елін, туған ұлтын сүю – адам баласына берілетін бақыттың ең үлкені екенін өз ісімен дәлелдеп жүрген Сингапурлық кәсіпкер №29 орта мектебінің түлегі Турумбаев Талғат Ералиевич, мәртебелі «өнер» саласында, абыройлы қызмет жасап жүрген, Жастар сыйлығының лауреаты, «Қоңыр» тобының әншісі, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің түлегі Мықтыбеков Мархабат Берікқұлұлы онлайн форматта құттықтау сөздерін айтып, қолдауларын білдірді. 

 Сонымен қатар, ауданның «Құрметті азаматы», №2 Мыңбұлақ орта мектебінің түлегі Ергебеков Әбілқасым Ергебекұлына, Жуалы аудандық мәслихат хатшысы, ауған соғысының ардагері №8 С.Бәйтіков орта мектебінің түлегі Тілеубеков Ерғали Өтемісұлына, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы №3 Қ.Қошмамбетов орта мектебінің түлегі Жұмашев Сейітхан Шералханұлына, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы         №19 Д.Қонаев мектеп – гимназиясының түлегі Мағзымбеков Ерұлан Сабенұлына, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты  жеке кәсіпкер       №12 М.Әуезов атындағы орта мектебінің түлегі Бегалиев Керімқұл Мамырұлына, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектебінің директоры №35 С.Мұқанов бастауыш мектебінің түлегі Шілтаева Назира Дүйсенбекқызына, Самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері №24 Т.Рысқұлов орта мектебінің түлегі Жартыбаев Сәлкен Қалдыбекұлына сөз беріліп, өз сөздерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жобаның жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. 

“Жомарт түлек” жобасы аясында №15 мектеп-лицейінде салтанатты түрде “Түлектер орталығы” ашылды.  

Форум соңында аудан әкімі туған өлкеге еңбек сіңірген, өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлеу