Білім бөлімі
Ақпарат
15 декабрь 2021
77
0

Құрметті ұстаздар!


Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары мен ұстаздар қауымы! Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасына зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!

Құрметті ұстаздар! Сіздер Еліміздің болашағын бекем ұстайтын азаматтарды тәрбиелеп, жауапкершілігі мол және абыройлы міндетті атқарып жүрсіздер. Осы еңбек жолында алғыс пен шығармашылық табыстар жолдастарыңыз болып, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, мәңгілік еліміздің келбеті сәнді, еткен еңбегіміз мәнді болсын!

Пікірлеу