Ақпарат
14 февраль 2022
106
0
Олимпиада 2-кезең




Бүгін 2022 жылдың 14 ақпан күні Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі басталды. Олимпиада аудан орталығында орналасқан №19 мектеп- гимназия кешенінде өткізілуде
Ақпан айының 14-і мен 19-ы аралығында өтетін олимпиаданың бірінші күнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Тыныбеков Нұрмахан Аманбайұлы қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп психологтары тарапынан оқушылармен арнайы тренингтер өткізілді. Бірінші күні 9-11 сынып оқушыларынан информатика пәнінен 26, биология пәнінен 21 оқушы олимпиадаға қатысты. Оқушылар компьютерде берілген сұрақтардың жауабын арнайы жауап парақшаларға белгіледі.Бұл олимпиаданың жылдағы олимпиададан ерекшелігі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында оқушылар тапсырмаларды арнайы Республикалық «Дарын» орталығы тарапынан ұсынылып отырған «Оқулық» платформасы арқылы тапсырды. Олимпиаданы ашық өткізу мақсатында барлық пән бойынша кабинеттерде бейнебақылау камералары орнатылып, оның барысы YouTube желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілді. Олимпиада өткізуге 36 компьютермен жабдықталған арнайы екі кабинет дайындалды.Жалпы 30 білім беру мекемелерінен түскен сұраныстардың негізінде 389 оқушының қатысуы жоспарланып отыр. Олимпиада нәтижесі күніге аудандық білім бөлімінің сайтында жарияланатын болады.
Ұқсас ақпараттар:

«Информатика пәнінен олимпиада есептері және шығару жолдары» тақырыбында вебинар өткізілді.
Ақпарат
2020-2021 оқу жылында республикалық 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиада.
Ақпарат
2020-2021 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының || (аудандық) кезеңі санитарлық талаптарды сақтай отырып, Жуалы ауданында 15-ші мектеп-лицей базасында өткізілуде.
Ақпарат
Жуалы ауданында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II кезеңі өтті. 2021 жыл 9 ақпан география, информатика, қазақ тілі және қазақ тілі орыс сыныптарына пәндері бойынша оқушылардың жұмысы.
Ақпарат
“Дарын” ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
Ақпарат