Білім бөлімі
Ақпарат
11 апрель 2022
391
0

Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық сот, білім бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясы, №15 мектеп – лицейі және №29 орта мектебінің ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды







Әр бала – ең қымбат қазынамыз! 

Сондықтан, әр баланы сақтауға қоғам болып атсалысуымыз қажет.

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген...» деп Абай атамыз айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат. 

Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық сот, білім бөлімінің  бірлескен жоспарына сәйкес, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясы, №15 мектеп – лицейі және №29 орта мектебінің ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. 

Шараға Жуалы ауданы прокуратурасының аға прокурорлары Е.Ахметов, С.Баубеков, аудандық сот төрағасы Б.Абуев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев, Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы В. Сейтаева, білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбеков, бас имам А.Ақманбетов, аудандық билер кеңесінің мүшелері және ата-аналар қатысты.

         Жиынды ашқан Анар Садыққызы ұрпақ тәрбиесіне қатысты ой-пікірімен бөлісіп, қатысушыларды өз ойларымен, ұсыныс тілектерімен бөлісуге, белсенділікке шақырды.

Жиында ата-аналар назарына отбасындағы жанжал мен орынсыз мән-жайлардың бала психикасына әсері, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын – алу жолдары, тыйым салынған заттар мен ұғымдар туралы ақпараттар таратын сайттар, тағы басқа бала тәрбиесіне қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді. Соның бірі - баланың ақпараттық қауіпсіздігі.

Ата-аналар бас қосқан жиында сан түрлі түйінді мәселелер көтеріліп, кеңінен түсінік берілді.

Жиын соңында ата-аналарға жеке қоғамдық қабылдаулар өткізілді.


Пікірлеу