Білім бөлімі
Ақпарат
11 апрель 2022
68
0

Аудан әкімдігі, аудандық прократура, аудандық сот, білім бөлімдерінің бірлескен жоспарына сәйкес, ата-аналар жиналыстары өтуде











Бүгінгі мектеп партасындағы жас ұрпақ, еліміздің ертеңгі болашағы

Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. 

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттің абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана бала тәрбиесіне бет бұруы керек. 

Аудан әкімдігі, аудандық прократура, аудандық сот, білім бөлімдерінің  бірлескен жоспарына сәйкес, ата-аналар жиналыстары өтуде. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың маңыздылығы мен баланың  интернетің торына түсіп кетпеуін бақылау мақсатында ұйымдастырылған  ата-аналар жиналыстары №2 Мыңбұлақ орта мектебі мен №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептерінде жалғасты.

Шараға Жуалы ауданы прокурорының орынбасары Қ.Қартаңбайұлы, аудандық сот төрағасы Б.Бекболатұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шералханұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы В. Серікқызы, білім бөлімінің басшысы Н.Аманбайұлы және бас имам А.Ақманбетов, аудандық билер кеңесінің мүшелері мен ата-аналар қатысты.

Жиынды комиссия төрайымы Анар Ахметова ашып,  жүргізіп отырды. 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер аясында,  мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары баяндамалар жасады.

Сөз кезегін алған қатысушылар «ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары», «бала мен ата-ана арасындағы қарым қатынас», «компьютерлік тәуелділіктің себептері», «жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыптарында ата-аналарға ақпараттар мен кеңестер берді.

           Шара барысында ата-аналар мен қатысушылар өзара сұрақ-жауап алысты. Бала тәрбиесін ата-әжеге емес, әлеуметтік желіге, интернетке табыстаудың зардабын ең алдымен ата-ана тартатындығы түсіндірілді.  Заманауи технологияның мүмкіндігі күн санап түрленіп жатқан ХХІ ғасырда осы мәселеге мән беріп, бауыр етіміз бассыздыққа бармасын, ала жіптен аттамасын десек, оларға алдымен өзіміз үлгі болуымыз қажеттігін түсіндірді.

           Жиын соңынан жиынға қатысушылар ата-аналармен жеке қабылдау жасады. 

Пікірлеу