Білім бөлімі
Ақпарат
13 апрель 2022
60
0

«Әр бала – ең қымбат қазына» тәжірибе алмасу семинар – практикум өтті








🔰«Әр бала – ең қымбат қазына»
 тәжірибе алмасу семинар – практикум өтті
🖋Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
🖋Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мен білім бөлімінің ұйымдастырумен «Әр бала – ең қымбат қазына» тақырыбында бала қауіпсіздігін күшейту мақсатында  аудандық тәжірибе алмасу семинар – практикум өтті.
🖋Жиынға Жуалы аудандық сот төрағасы Б.Бекболатұлы, аудан прокурорының орынбасары Қ.Қартаңбайұлы, білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шералханұлы, Жуалы ауданының наиб имамы А.Исламбекұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы В.Серікқызы, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының әлеуметтік-психологы А.Махамбетқызы, аудандық билер алқасының және ардагерлер алқасының мүшелері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтар, ата-аналар комитетінің төрайымдары мен төрағалары, Жуалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары қатысты.
🖋Жиынды комиссия төрайымы А.Ахметова ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.
Алқалы жиынға қатысушылар мектептегі ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударды. Ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз екендігін айтты.
🖋Ата-аналар жиналыстары бүгінгі таңда аудан орталығындағы алты мектепте өткізілді. Семинар-практикум арқылы ұстаздармен тәжірибе алмасып 18 мен 28 сәуір аралығында ауданға қарасты 33 мектепте өткізу жоспарланып отыр.
Пікірлеу