Білім бөлімі
Ақпарат
26 апрель 2022
45
0

«Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері»







Жуалы ауданы білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен бірлескен жоспарға сәйкес отбасындағы жанжал мен орынсыз мән-жайлардың бала психикасына әсері және әлеуметтік желілерде балалардың кибербуллингі мен қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері» тақырыбында №6  А.Пушкин ат.ОМ, №26 Жаңаталап ОМ, №Тасбастау БМ, №39 Жылбұлақ БМ-де ата-аналарымен жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағалары, билер алқасының төрағалары, ауыл имамы, ата-аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары, ювеналды полиция инспекторлары мен аудандағы тәжірибелі психологтар қатысты.
Шара барысында ата-аналар мен қатысушылар өзара сұрақ-жауап алысты. Бала тәрбиесін ата-әжеге емес, әлеуметтік желіге, интернетке табыстаудың зардабын ең алдымен ата-ана тартатындығы түсіндірілді.  Заманауи технологияның мүмкіндігі күн санап түрленіп жатқан ХХІ ғасырда осы мәселеге мән беріп, бауыр етіміз бассыздыққа бармасын, ала жіптен аттамасын десек, оларға алдымен өзіміз үлгі болуымыз қажеттігін түсіндірді.  
Пікірлеу