Білім бөлімі
Ақпарат
28 апрель 2022
37
0

«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ










«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
🖋Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, Барыс жылын, яғни биылғы 2022 жылды  "Балалар жылы" деп жариялады.
          Осыған орай, Б.Момышұлы ауылы орталық алаңда аудан әкімі О.Қаржауовтың қатысуымен «Балалар жылының» ашылу салтанатына арналған «Көк аспанда күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты концерт өтті.
Шараны аудан әкім Олжас Қаржауов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев балалардың жарқын болашағына сенім білдіріп, шараны ашып берді.
Шараны аудан әкімдігі мен Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданы білім бөлімі ұйымдастырды.
🖋Іс- шара  келесі бағыттар бойынша өткізілді:
           1 бағыт: «Әнші болғым келеді» тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналған  караоке.
2 бағыт: «Әлем балалар көзімен» тақырыбында жас суретшілерге арналған  сурет салу байқауы
3 бағыт: «Өзге тілдің бәрін біл.....» балалар мен жасөспірімдерге арналған  ағылшын тіліндегі танымдық ойындар мен тілдік сайыстар  
4 бағыт: «Ертегілер елінде» тақырыбында ертегілер әлеміне саяхат
5 бағыт : «Логика әлемі» тақырыбында зияткерлік сайыстар
6 бағыт: «Робототехника» Жас робототехниктер көрмесі
7 бағыт: «Сауықтыру алаңы» тақырыбында спорт түрлерінен жарыс.
🖋Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова шараға атсалысқан білім бөлімі мен барша мектептерге алғысын білдіріп, Алғысхаттар табыстады.
Пікірлеу