Білім бөлімі
Ақпарат
18 май 2022
81
0

«Сабақ үрдісінде білім берудің әдіс -тәсілдері»











         2022 жылдың 18 наурыз күні білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде сабақ үрдісінде тиімді әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып,  білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау мақсатында «Сабақ үрдісінде білім берудің әдіс -тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өтілді. Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері   Шаймкулова Гүлназ Расылханқызы, Мықтыбекова Ләззәт Бегалықызы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Еспаева Айтбике Торехановна өзіне деген сенімділікті, бір-біріне достық қарым-қатынасты дамытуға жағдай жасау мақсатында педагогтарға арналған «Өзімізді -өзіміз үшін сақтайық» тренинг жүргізді.  Білім бөлімінің әдіскері Сейтбекова Эльвира Аташбекқызы әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру керектігін айтты.
Пікірлеу