Жамбыл облысы білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Дулати деп жырлаймын» атты жас ақындар айтысы тақырыптық және қайым айтыс номинациялары бойынша өтті. Айтысқа Жуалы ауданының №5 М.Ломоносов ат.ОМ-нің 11 сынып оқушысы Даярбек Санжар қатысып, 1 орын мен 100 000 теңгенің сертификатын иеленді.