Білім бөлімі
Ақпарат
15 июнь 2022
51
0

«Бар жақсылық балалар үшін»





«Бар жақсылық балалар үшін»
Жазғы каникул кезіңде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бүгінгі күні аудан бойынша 11 білім мекемесінде мектеп жанындағы жазғы лагерьлер 2 кезең бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда. Аталған шараға – 2966 оқушы қамтылуда, оларға сапалы демалыс ұйымдастыру мақсатында – 110 педагог жұмыс атқаруда. Барлық білім мекемелерінде жоспарға сәйкес оқушылардың қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздігін сақтау және алдын алу шаралары ұйымдастырлып, мектеп асханалары толық жұмыс атқаруда. Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Тыныбековтың қатысуымен 2022 жылдың 13 маусым күні №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінде, балалардың бос уақытын бірыңғай бағытта ұйымдастыру мақсатында "Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" атты күндізгі жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Оқушылар іс-шараларға белсене қатысып, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Көңілді кеш барысында ән айтылып, балалар би билеп, ойындар ойнап, балалар көңілді уақыт өткізді, сонымен қатар, барлық бүлдіршіндерге балмұздақ үйлестірілді. Білім бөлімі тарапынан жазғы   сауықтыру лагерінің жұмысы үнемі бақылауда.
Пікірлеу