Білім бөлімі
Ақпарат
16 июнь 2022
73
0

Жазғы мектеп аяқталу үстінде.


🖊️ҚР Білім және ғылым 
министрлігі тарапынан 26 мамыр 17 маусым аралығында мектептерде жазғы мектептерді ұйымдастыру бойынша арнайы  нұсқаулықтар берілді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді;

🖊️Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін бірінші кезекте ата-ана өтініш жазуы арқылы жүзеге асады сонымен қатар жазғы мектепке ниет білдірген барлық бала қатыса алады;

🖊️2022 жылдың 16 маусымына Жуалы ауданы бойынша 3540 бала жазғы оқумен қамтылып отыр. Осы бағыттағы жұмыстардың орындалу деңгейімен танысу мақсатында білім бөлімінің басшысы Тыныбеков Нұрмахан Аманбайұлы бірқатар білім мекемелерінің  жұмыстарымен танысты;


🖊️ Жазғы мектептердің барлығындағы оқушылар уақытты тиімді өткізіп, ыңғайлы кесте мен қызықты форматта оқуда. 
Оқушылар сабаққа дүйсенбіден жұмаға дейін қатысады. Оқу, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, физика, химия және т.б. сияқты негізгі пәндер бойынша өтуде.
Пікірлеу