Білім бөлімі
Ақпарат
17 июнь 2022
71
0

✅Бүгін еліміздің барлық өңірінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өткізілді;







✅Бүгін еліміздің барлық өңірінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өткізілді;

✅Ірге тасы 1931 жылы қаланып, 2002 жылдан бері қазақтың батыры, Халық Қаһарманы Б.Момышұлы есімімен аталатын № 22 орта мектепте салтанатты жиын өтті;

✅Жиында білім бөлімінің басшысы Тыныбеков Нұрмахан Аманбайұлы жас түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, «Алтын белгі» марапатын салтанатты түрде табыстады;

✅Білікті басшы, аудандық мәслихаттың депутаты Сайлаубаев Руслан Бахытұлы басқарып отырған ұжымда бүгін үлкен қуаныш, мектеп тарихында алғаш рет "Алтын белгі" төс белгісі табысталды. Төс белгі иегерлері: Тұрарбек Нұржас пен Бердібаева Ақбала!

✅Жас түлектер, сіздерді мектеп бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын, әрдайым ауданымыздың абыройын асқақтатып, білім шыңын бағындыру жолында талмай еңбек етуге шақырамыз! Ақ жол! Сәт сапар түлектер!
Пікірлеу