Республикалық «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңі басталады!

🔊 Құрметті педагогтер! Республикалық «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңі басталады!
🔺Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы педагогтері қатыса алады. Байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.
🔺Байқауға қатысушы үміткерді, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://uzdikustaz-nobd.iac.kz/ веб-порталында жүзеге асырылады.
▪️«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Байқау аясында педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған педагогтер жеңімпаз атанып байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейіні тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды
Ақпарат
Үздік педагог-2022
Ақпарат
Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Ақпарат
ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ақпарат
2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша 5 мың грант бөлетінін хабарлайды
Ақпарат