«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіру туралы хабарламасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіру туралы хабарламасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі) енгізілген талаптарды жүзеге асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылады және 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендірудің 2570 орындық конкурстық тәртібі жүзеге асырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қағиданың 13-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Қағиданың 14-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: (жаңадан ашылатын МДҰ үшін)
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Қағиданың 23-тармағына сәйкес бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі. (бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған МДҰ үшін)
Қағиданың 17-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2023 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін № 12 кабинетте қабылданады.
Құжаттар Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, №1 мекен-жайда 2023 жылдың 02 қазан күні сағат 10.00-де ашылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешім http://jualy.bilimbolimi.kz/сайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/726 35/ 2-11-73, 2-11-70, 2-05-07 телефоны арқылы алуға болады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге
және қосымша білім беруге
және еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарына мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру Қағидаларына
1-қосымша
Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның
бланкінде толтырылады)
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
_______(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда)
Өтініш
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және
оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне__________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН)
қосуды өтінемін.
Осы арқылы келесіні хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____
бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
____________________________________________;
(орналастырылды/ орналастырылған жоқ)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып
табылады.
Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты
қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
4) Ұлттық білім беру деректер базасындағы:
- тәрбиеленушілер;
- тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы
ақпаратты ай сайын толтырудың;
5) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес "Мектепке дейінгі
ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет
көрсету тәртібінің;
6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасының заңнамасының;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы
орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.
Басшы _______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырған күні "______" __________20____ж.
Мөр орны (бар болғанда)

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейіні тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды
Ақпарат
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ақпарат
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейіні тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды.
Ақпарат
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейіні тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды
Ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу бағдарламасының жүргізілу барысы.
Ақпарат